383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шотландияда өнер мектебі өртенді

  • 335
  • UPD: 10:42, 16.06.2018
Шотландияда өнер мектебі өртенді Vesti.Ru

Шотландияың ірі қаласы Глазгода өнер мектебі отқа оранды.

Осы аймақтағы танымал Mackintosh ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлады бұқаралық ақпарат құралдары. Оқиға болған жерде құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Әзірге зардап шеккендер жайлы нақты мәлімет жоқ. Оқу орнының студенттері мен тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл жерде 1600 студент білім алады. Өрттің шығуына кім кінәлі және не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Айта кету керек, бұл өнер мектебі елдегі ең ескі оқу орындарының бірі болып саналады. Ғимарат ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында салына бастаған. Дәл осы нысан 4 жыл бұрын да отқа оранып, кейбір бөлігінде әлі де жөндеу жұмыстары жүріп жатқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы