388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ходейда қаласындағы әуежай толықтай бақылауға алынды

  • 431
  • UPD: 21:33, 16.06.2018
Ходейда қаласындағы әуежай толықтай бақылауға алынды

Йемен үкіметінің әскері араб коалициясының көмегімен Ходейда қаласындағы әуежайды толықтай бақылауға алды.

Айта кетейік, бұл жерден хуситтік көтерілісшілерге қару-жарақ жеткізіліп отырған. Және жақын маңда әлемдік кеме қатынасы үшін маңызы зор Баб-эль-Мандебский бұғазы орналасқан. Дегенмен БҰҰ бұл әскери операцияны құптап отырған жоқ. Қауымдастық өкілдерінің пікірінше, мұның соңы гуманитарлық апатқа ұласып кетуі мүмкін. Өйткені Ходейда шаһарындағы әуежай арқылы ел тұрғындарына дәрі-дәрмек пен басқа да керек-жарақтар тасымалданады.

Естеріңізге сала кетсек, Йемендегі азамат соғысының басталғанына 4 жыл болды. Үкімет әскері хусит көтерілісшілерімен күрес жүргізіп келеді. Ал ел билігіне Сауд Арабиясы жетекшілік ететін коалиция қолдау көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы