374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нидерландта концертке жиналғандарға шабуыл жасалды

  • 211
  • UPD: 17:14, 18.06.2018
Нидерландта концертке жиналғандарға шабуыл жасалды

Нидерландта жыл сайын өтетін музыкалық «Пинк Поп» фестиваліне жиналған халықты автобус жүргізушісі жаншып кетті.

Салдарынан 1 адам қайтыс болып, тағы үшеуі түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл жайында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары құқық қорғау органына сілтеме жасап хабарлады. Деректерге сәйкес, оқиға елдің оңтүстігіндегі Лимбург провинциясында болған. Фестивальдің басты қонағы америкалық әнші Бруно Марстың әнінен кейін сахна жақтан бір автобус қатты жылдамдықпен келіп жұртты жаншыған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып үлгерген. Бұл жайтқа байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге шабуылдың қандай мақсатпен жасалғаны белгісіз. Алайда «теракт деп атауға әзірге ерте», – дейді мамандар. Тәртіп сақшылары демалуға келгендерді әбден әбігерге салған көлік жүргізушісін іздестіруде.

Осы категория бойынша: « АҚШ-та шекара аспақ болған мигранттар қаза тапты Лондонда темір жолда жүрген адамдарды пойыз қағып кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы