367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль Газа секторындағы жалынды батпырауық жасалатын қоймаларды атқылады

  • 261
  • UPD: 10:33, 19.06.2018
Израиль Газа секторындағы жалынды батпырауық жасалатын қоймаларды атқылады

Израиль тарапы Газа секторына қарай әуе шабуылын жасады.

Олар ХАМАС тобына жататын 2 лагерь мен қару-жарақ жасалатын қоймаға қарай бағытталған. Бұл жайында елдің Қорғаныс әскерінің өкілдері хабарлады. Деректерге сәйкес, бұл әрекет палестиналықтарды өртеп жіберу мақсатымен жөнелтілген шарлар мен батпырауықтарға қарсы жауап болған. Израиль үкіметі қарсыластарының мұндай әрекетін теракт деп бағалап, халықтың өміріне қауіп төніп тұрғанын және ауыл шаруашылығына қатты зиян келгенін айтты. Өрт салдарынан  900 гектардан астам алқап пен қорлар отқа оранып, мемлекет 2 жарым миллион доллар шығынға ұшыраған. 

Айта кету керек, осыған дейін палестиналықтар израильдиктерге қарсы жеңіл  әрі арзан әдіс ойлап тапқан болатын. Олар әуе арқылы өртке оранған батпырауықтарды еврейлердің егін алқаптары мен ормандарына қарай лақтыруды бастады. Палестиналықтарда мұндай ой Иерусалимдегі АҚШ елшілігінің ашылуына қарсы қақтығыс кезінде пайда болған екен. Еске сала кетейік, 30 наурызда басталған ереуілдер салдарынан 120-дан аса адам көз жұмды.

Осы категория бойынша: « Түркияда өтетін сайлауда елдің мемлекеттік басқару жүйесі анықталады Қырғызстанда бұрынғы премьер Сапар Исаков қамауға алынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы