375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күрд жасақтары Манбидж қаласынан шығарылып жатыр

  • 551
  • UPD: 15:48, 19.06.2018

Ресми Анкара мен Вашингтон арасында қабылданған «Жол картасына» сәйкес күрд жасағы Сирияның солтүстігіндегі Манбидж қаласынан біртіндеп шығып жатыр.

Бұл туралы Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеп отыр. Атап өту керек, екіжақты келісім бойынша «Сирия демократиялық күштеріне» қарасты «Халықты қорғау жасағы» қару-жарақтарын тапсырып, ол аймақты толығымен босатып кетуі тиіс. Одан кейін түрік әскерлері Манбиджті өз бақылауына алып, қауіпсіздік шараларын күшейтетін болады.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия республикасының президенті:

- Террорлық ұйымдар Манбиджтегі жерлерін тастап, жаппай кетіп жатыр. Ал біздің әскер қала аумағына кіріп, бақылау жүргізе бастады.

Хабар 24 телеарнасы