384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия дағдарыстан шықты

  • 452
Грекия дағдарыстан шықты

Грекия дағдарыстан шықты.

Осыған байланысты премьер-министр Алексис Ципрас ел алдына арнайы галстук тағып шықты. Бұған дейі Еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері Грекияның дағдарысты еңсергенін жариялаған еді. Енді Афинге соңғы транш 15 миллиард еуро бөлінеді. Экономика және қаржы жөніндегі еурокомиссар Пьер Московисидің айтуынша, бұл ел алдағы уақытта қаржы түйткілдерін өздігінен шешуге қауқарлы. Ол сегіз жылға созылған дағдарысты еңсеруге, ынтымақтастықтың арқасында қол жеткенін алға тартты. Грекияға көмек көрсету бағдарламасы тамызда аяқталады. Оған дейін үкімет қарызды өтеу үшін жеткілікті соманы жинауы тиіс. Ал Халықаралық валюта қоры өкілдерінің баяндауынша, Еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері Афинге қосымша қаржы құюы қажет. Гректердің өздері елге көрсетілген көмектің кесірінен келешекте зейнетақы мен жалақы қысқарып, салық мөлшері өсуі мүмкін екенін айтады.

Айта кетейік, дағдарыс кезінде елдің жалпы ішкі өнімі 25 пайызға төмендеді. Жұмыссыздық көбейіп, жалақы мен зейнетақы 2010 жылдан кейін 40 пайызға қысқарған. Сондай-ақ 500 мыңға жуық маман жұмыс іздеп, басқа мемлекеттерге қоныс аударды.

Алексис Ципрас, Грекияның премьер-министрі:

– Дағдарыс 8 жылға созылды. Грекияның әрбір азаматы бұл күнді асыға күтті. Енді мемлекеттік қарыз мәселесі шешілді деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы