378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьтегі ұлттық фестивальда қазақ диаспорасы бас жүлдені жеңіп алды

  • 472
  • UPD: 08:36, 24.06.2018

Қазақ диаспорасының өкілдері 12-Республикалық ұлттық мәдениет фестивалінің Гран-при иегері атанды.

Ауқымды шара Беларусьтің Гродно қаласында өтті. Бұл этнобайқаулар тарихындағы еліміздің алғашқы жеңісі. Ұлттық мәдениет фестивалі 24 жылдан бері екі жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биылғы байқауды көруге әлемнің әр қиырынан 270 мың адам келген. Беларусьте өмір сүріп жатқан 35 диаспораның өкілдері бағын сынап, көпшілікке өз елінің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрін ұсынған. Биыл Қазақстан стэнді ең көп адам жинаған бұрыштың бірі болды. Қонақтардың назарына киіз үй, қазақтың ұлттық ойындары мен тағамдары ұсынылды. Екі күндік фестивальдің қорытындысы бойынша Қазақстан бас жүлдені жеңіп алды. 

Светлана Ждановская, фестиваль қатысушысы:

- Мына үстелді дастарқан деп атаймыз. Ұннан жасалған тағамдар көптеп дайындалған. Одан бөлек түрлі тоқбасар мен дәмі тіл үйірер қазақша ет тағамы қойылған.

Хабар 24 телеарнасы