384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еревандағы Ұлттық театрда кәуап түтіні өрт сөндірушілерді дүрліктірді

  • 436
  • UPD: 09:03, 24.06.2018
Еревандағы Ұлттық театрда кәуап түтіні өрт сөндірушілерді дүрліктірді

Ереван қаласындағы Ұлттық опера және балет театры түтінге оранды.

Артынша бұл жәйттен хабардар болған өрт сөндірушілер жасағы алты көлікпен оқиға орнына жетіп барды. Бірақ анықтай келе түтіннің кәуап әзірлеуден пайда болғаны белгілі болды.

Сөйтсе, театрдың жертөле бөлігінде орналасқан «Опера» түнгі клубының кәуапшісі жұмысына кірісіп, етті отқа қуыруды бастаған екен. Ал түтіннің қайдан келіп жатқанын байқамаған куәгерлер мұны «өрт шықты» деп ойлап қалып, өрт сөндірушілерді шақыртқан.

Армения ТЖМ

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы