389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 386
  • UPD: 15:49, 24.06.2018

Түркияда өтіп жатқан президенттік және парламенттік сайлауға байланысты қауіпсіздік шаралары күрт күшейтілді.

Осы елдің ең ірі қаласы Ыстамбұлда 28 мыңнан астам сайлау учаскесі бар. Ол жердегі қоғамдық тәртіпті 38 мың 480 полиция қадағалайтын болды.

«Бұл күні құзырлы органдардың қызметіне 4 тік ұшақ, 85 арнайы көлік пен 90 броньді техника берілді. Дәл мұндай қауіпсіздік шарасы ел астанасы Анкарада да қолға алынды», - деп хабарлайды арнамыздың Түркиядағы меншікті тілшісі Ержан Жүніс.

Хабар 24 телеарнасы