387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Римдіктер қолдан құрастырылған көлікпен жарысқа шықты

  • 395
  • UPD: 10:29, 25.06.2018

Римде «Ред Бул Соупбокс Рейс» жарысы өтіп жатыр.

Сайыстың ерекшелігі оған қозғалтқышсыз автокөліктер қатысады. Тартысты додаға бүкіл Италиядан 70 шақты команда қатысады. Әр топтың міндеті өз қолымен жинаған автокөлікпен жардан түсіп, 500 метр жол жүріп өту. Ереже бойынша әр құрамада машинаны жүргізуші мен оны итеретін 4 адам болады. Олардың мықтылығын арнайы төрешілер бағалайды. Ерекше костюм мен сайысқа түсердегі өзгешелік үшін қосымша балл қосылады. Қозғалтқышсыз машиналар жарысы жылда әр елде өтеді. Ал шараны тамашалауға мыңдаған көрермен келеді. 

Массимилиано мен Паоло, жарысқа қатысушылар:

- Біз ойлағаннан да тамаша өтті! Басқа топтардың дайындығына қарап, біз мәреге дейін жете алмайтын шығармыз деп ойлағанбыз. Алайда бір үлкен бұрылысқа келгенде біз қатты жылдамдықпен тоқтамай жүріп өттік. Сол кезде мен «тек ғана тоқтама, алға қарай жүре бер» деп айқайладым. 

Мирко мен Микеле, жарысқа қатысушылар:

- Біз ештеңеден қаймықпайтын тәуекелшілміз!!!

- Ондай болмасақ біз бұл жарысқа қатыспас едік. Мұндай сайысқа ештеңеден қорықпай қатысу керек. Сәл үрей бола қалған жағдайда үйден шықпай-ақ қойған дұрыс. Алайда бүгін 40-50 мыңға жуық адам жиналды. Соған қарағанда біз жалғыз емеспіз.

Хабар 24 телеарнасы