386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда толассыз жауыннан 9 адам көз жұмды

  • 375
  • UPD: 19:08, 25.06.2018
Вьетнамда толассыз жауыннан 9 адам көз жұмды

Вьетнамның солтүстігінде толассыз жауған жауын соңы тасқынға ұласты.

Салдарынан 9 адам көз жұмып, бесеуі түрлі деңгейде жарақат алған. Тағы 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы VTV ұлттық телеарнасы хабарлады. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, қайтыс болғандардың көбі фермерлер. Олар қолайсыз ауа райы кезінде егістік алқабында жұмыс істеп жатқандықтан, уақтылы қашып үлгермеген. Ресми деректерге сәйкес, су тасқыны ел бюджетіне 75 миллиард донг шамасында шығын әкелді. Бұл – 3 миллион доллардан артық сома. 40-тан аса үй қирап, 700-ден аса өзге де нысан су астында қалды. 

Айта кету керек, былтыр су тасқыны мен тропикалық дауыл салдарынан Вьетнам экономикасы 2 жарым миллиард доллар шамасында шығынға ұшырап, 390 адам опат болған еді.

Хабар 24 телеарнасы