389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда фермерлер қақтығысынан 86 адам ажал құшты

  • 433
Нигерияда фермерлер қақтығысынан 86 адам ажал құшты

Нигерияда фермерлер мен малшылар арасында қақтығыс болып, 86 адам мерт болды.

50 шақты үй өртеніп кеткен. Оқиға елдің орталығында болды. Олардың келіспеушілігіне жер телімдері мен су көздері талас себеп. Осы жағдайға байланысты жергілікті билік коменданттық уақыт жариялаған. Нигерия президенті қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырды. Айта кету керек, Нигерия үшін малшылар мен фермерлер арасындағы қақтығыс таңсық емес. Наурыз айында осыған ұқсас жанжал салдарынан 15 адам көз жұмған.

Йеми Осинабайо, Нигерияның вице-президенті:

– Бұл жайттың ауыр тиіп отырғаны сөзсіз. Нигерия халқы мен үкіметі атынан қаза тапқандардың тума-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Билік қылмыскерлерді қамауға алу үшін қолдан келгенді жасайды.

Хабар 24 телеарнасы