388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеул әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды

  • 726
Сеул әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды

Оңтүстік Кореяның Кимпхо әуежайында екі ұшақ соқтығысты.

Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады. «Air Korean» әуе компаниясының ұшағы «Asiana Airline» әуе кемесін жанап өткен. Салдарынан екеуіне де зақым келді. Алдын ала дерек бойынша, қос ұшақта жолаушы болмаған. Бірде бір адам жарақат алған жоқ. Оқиға нөсер жауын-шашын кезінде болған. Осы жағдайға байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді. Айта кетейік, Кимпхо халықаралық әуежай көбінесе ішкі рейстерді қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы