386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі жүзден аса босқын мінген «Lifeline» кемесін Мальта қабылдайтын болды

  • 319
Екі жүзден аса босқын мінген «Lifeline» кемесін Мальта қабылдайтын болды

Бортында 234 мигранты бар немістің үкіметтік емес ұйымының «Lifeline» кемесін Мальта қабылдайтын болды.

Италия ондағы келімсектердің жартысын кіргізуге келісті. Бірақ ресми Рим экипаж босқындарды құтқармас бұрын халықаралық талаптарды қаншалықты сақтағанын тексеретінін айтады. Ал Франция үкіметі мигранттардың босқын мәртебесін алу мәселесімен айналысатын мамандарды жіберетінін мәлімдеді. Еске сала кетейік, Германияның үкіметтік емес ұйымына тиеслі кемесі Сицилия бұғазында апатқа ұшырағалы жатқан мигранттарды құтқарып, Италияға беттейді. Алайда Рим оларды қабылдаудан бас тартып, ел аумағына кірсе, кемені кәмпескелеп, экипажды қамауға алатынын айтып, сес көрсетеді. Нәтижесінде кеме басқа еуропалық мемлекеттердің шешімін күтіп, теңізде қалуға мәжбүр болады.

Хабар 24 телеарнасы