389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әйелдер үшін ең қауіпті елдер тізімі жарияланды

  • 541
  • UPD: 16:38, 27.06.2018
Әйелдер үшін ең қауіпті елдер тізімі жарияланды

Ұзын бұрымды, нәзік жанды. Ал олардың табиғатынан ұяң, әлсіз келетінін ескерсек, баруы өмірі үшін ең қауіпті елдер тізімін білген артық болмайды.

Сонымен Thomson Reuters қоры құрастырған тізім:

1. Үндістан
2. Ауғанстан
3. Сирия
4. Сомали
5. Сауд Арабиясы
6. Пәкістан
7. Конго Демократиялық Республикасы
8. Йемен
9. Нигерия
10. АҚШ

550 сарапшы саралап отырып құрастырған рейтингтегі өлшемдер немесе критерийлер мыналар болған екен: әйел баласына денсаулық сақтау саласынан төнген қатер-қауіп, кемсіту, құқықтың қорғалмауы, сондай-ақ жыныстық және өзге де зорлық-зомбылық.

Ең бірінші орында тұрған Үндістанда әйелдерге қатысты алуан түрлі зорлық түрі, оларды сату, отбасында жұмысқа салып қою, күштеп тұрмысқа беру, құл ету кең тараған. Сондай-ақ мұнда ерлер қит етсе болды құтыға қышқыл құйып алып, көңіліне жақпаған әйелдің үсті-басына шашуды тұрақты әдет қылып қойған. Үнді әйелдері медициналық көмектен үнемі шет қалып, білім мен ғылымға қолы жетпей, күнкөріске ақша табу үшін жүмысқа тұра алмайды. Осыдан 7 жыл бұрын бұл тізімнің 4-орнында тұрған Үндістанның озып кетуі бұл елдегі әйелдер халінің мүшкілденгенін көрсетеді.

Ал рейтингтің 10-орнында тұрған АҚШ болса Батыс елдерінің арасынан іліккен жалғыз мемлекет. Бұл феномен Құрама Штаттарда 2017 жылы тараған #metoo қозғалысының пайда болуымен байланысты болып отыр. Бұл қозғалысқа қатысушылар – ерлердің жыныстық емеурін танытуының құрбаны болған әйелдер.

poll2018.trust.org by Thompson Reuters

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы