389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландтағы үңгірде жоғалған балалар әлі табылған жоқ

  • 403
  • UPD: 18:04, 27.06.2018
Таиландтағы үңгірде жоғалған балалар әлі табылған жоқ

Таиландта 4 күн бұрын таудағы үңгірге кіріп жоғалып кеткен 12 бала мен жаттықтырушы әлі іздестіріліп жатыр.

Алдын ала болжамға қарағанда жасөспірім футболшылар мен олардың үйретушісі «Тхам Луанг» үңгіріне кірген кезде жауын жауып, су басып, қамалып қалған. Бірақ олар су көтерілмейтін орынға тығылуы мүмкін деген үміт бар. Осыған байланысты жоғалғандарды іздестіру сенбіден бері жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар бастапқыда үңігірдегі суды сорғышпен құрғатуға тырысқан. Алайда жаңбыр тағы жауып, су деңгейі қайта көтеріліп, одан еш нәтиже шықпады. Кеше сүңгуірлер 10 шақырымға созылған үңгірде жаңа іздерді көрген. Ал жоғалған балалардың жас мөлшері 11 мен 16 жас аралығында.

Хабар 24 телеарнасы