383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы теміржол біріктірілмек

  • 508
  • UPD: 13:33, 28.06.2018
Оңтүстік Корея мен КХДР арасындағы теміржол біріктірілмек

Оңтүстік Корея мен Корей Халық Демократиялық Республикасы батыс пен шығысты байланыстырып тұрған шекарадағы теміржолды біріктіру мен жаңартуды қолға алды.

Бұл туралы Пханмунджомда өткен кезекті жиын кезінде талқыланды. Оңтүстік делегацияны транспорт министрі Ким Чон Рёл басқарды. Ал Солтүстік Корея атынан транспорт вице-министрі Ким Юн Хек сөз сөйледі. Тараптардың мәліметінше, Пхеньянға қатысты санкциялар әсерінен бұл жай ғана әзірлік кездесу болды. Теміржолды біріктіру жұмыстары тарифті алып тастағаннан кейін ғана басталады.

Айта кету керек, қос Корея автомагистральдерін де біріктіру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер бұл жоба жүзеге асса, Солтүстік Кореяның Кэсон қаласы мен Оңтүстік Кореяның Мунсан арасындағы 19 шақырымдық тасжолды Пхеньяннан Сеулге қарай еш кедергісіз жүріп өтуге мүмкіндік туады.  

Хабар 24 телеарнасы