384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малиде әскерилерге шабуыл жасалды

  • 278
  • UPD: 23:49, 02.07.2018
Малиде әскерилерге шабуыл жасалды

Малидің солтүстігінде лаңкестер әскерилердің патрулін шабуылдап, 2 адам қаза тапты.

Тағы 8 француз сарбазы жарақат алды. Әскерилердің айтуынша, содырлар қарауыл көлігін жарып жіберген. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Алайда 2 күн бұрын Гоа қаласына жақын жерде лаңкестер тағы да француздар мен жергілікті әскерилерден құралған қарауыл тобын нысанаға алып, 8 француз жауынгері көз жұмған еді. Ол кезде де лаңкестер сарбаздар тиелген әскери көлікті талқандаған.

Айта кетейік, Франция 2014 жылдан бері Малимен бірігіп, Африканың Сахель аймағында лаңкестікке қарсы «Бархан» операциясын жүрігізіп келеді. Шараға 4 мыңға жуық француз сарбазы жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы