385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЮНЕСКО мұрасы тізімі жаңа атаулармен толықты

  • 660
  • UPD: 11:51, 04.07.2018
ЮНЕСКО мұрасы тізімі жаңа атаулармен толықты

Колумбияның жартастарына салынған суреттер Францияның жанартаулары мен Сауд Арабиясының оазисі Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мұрасы тізіміне енді.

Мұндай шешімді Манамадағы комитет қабылдады, деп хабарлады Рейтер агенттігі. Колумбияның ең үлкен ұлттық паркі Чибирикете осы тізімге қосылу үшін 1993 жылдан бері кезекте тұрған болатын. Оның ерекшелігі – тропикалық орман мен өзенді қоршаған тау жартастарындағы ежелгі флора мен фауна бейнеленген суреттері.

Хуан Мануэль Сантос, Колумбия президенті:

- Бұл жерді жартасқа сурет салу өнерінің шыңы десек болады. Мұнда 20 мың жыл бұрын салынған 70 мыңнан аса бейне бар. Өнердің бұл түрі әлемнің ешбір бөлігінде осыншама үлкен ауқымда жоқ екенін мақтанышпен айта аламын.

ЮНЕСКО-ның мұрасы тізімі қатарына Колумбияның паркінен бөлек Францияның Лимань қирандысы мен Шен-де-Пюи жанартауы кірді. Бұл нысан 35 миллион жыл бұрын пайда болған. Сонымен қатар Жапонияның бірнеше христиандық аймағы мен Сауд Арабиясының оазисі ұйымның тізімін толықтырды. Атап айтқанда, сарапшылар әлемдегі ең үлкен Аль-Ахса оазисін осы мәртебеге лайық деп шешті.

Хабар 24 телеарнасы