387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта кеме апатынан қаза тапқандар саны артты

  • 399
  • UPD: 10:35, 07.07.2018

Таиландтың Пхукет аралында екі саяхатшылар кемесінің апатынан қаза тапқандардың саны 40-қа жетті.

Бұған дейін 18 жолаушы мерт болды деп хабарланған. Тағы 16 адам іздестіріліп жатыр. 50-ге тарта жолаушы құтқарылды. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Еске сала кетейік, бейсенбі күні Пхукет аралына жақын жерде 2 шағын саяхатшылар кемесі апатқа ұшырады. Су көліктерінде  жалпы саны 130-дан астам адам болған. Қазір апатқа байланысты тергеу жүріп жатыр.

Полицияның мәлімдеуінше, кемелер теңізде қатты жел тұратыны туралы ескертілсе де айдынға шығып кеткен. Сондықтан оларға жауапты туристік компаниялардың басшылығы іске тартылды. Олардың бірі жапа шеккендердің барлығына өтемақы төлеп, медициналық шығындарын өтеуге уәде еткен.

Хабар 24 телеарнасы