389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда жауыннан қаза тапқандар саны артты

  • 392
  • UPD: 14:39, 07.07.2018
Жапонияда жауыннан қаза тапқандар саны артты

Жапонияда «Прапирун» дауылымен келген нөсер жауын мен су тасқынынан 17 адам қаза тапты.

Тағы 50-ден астам тұрғын жоғалып, табылмай жатыр. Қазір табиғат апатынан зардап шеккен аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Елдің батысы мен орталық бөлігінен мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ал солтүстік өңірлерде темір жол мен әуе рейстерінің уақытша тоқтатылды.

Еске сала кетейік, «Прапирун» сұрапыл дауылы Жапонияның оңтүстік-батыс жағалауына осы аптаның бас кезінде соққан болатын. Ол өзімен бірге қалың жаңбыр әкеліп, көп мекендерде су тасқыны мен лай көшкіні жүрді.

Хабар 24 телеарнасы