383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран ТГИЛ содырларына қатысты өлім жазасын іске асырды

  • 595
  • UPD: 15:02, 07.07.2018
Иран ТГИЛ содырларына қатысты өлім жазасын іске асырды 2017 жылғы Иран парламентіне жасалған шабуыл кезі/FARS

Иранда Ирак пен Леванттың лаңкестік тобының 8 мүшесіне қатысты шыққан өлім жазасының үкімі іске асты.

Олар былтыр Иран парламентіне шабуыл жасағандар. Бұл туралы Tasnim агенттігі хабарлайды.

Еске сала кетсек, 2017 жылы 7 маусымда әйел киімін киген 4 адам ел парламентінің ғимаратына басып кіріп, атыс шығарды. Артынша террористердің бірі өзін өзі жарып жіберді. Сондай-ақ имам Хомейнидің мавзолейіне де шабуыл жасалды. Қос шабуылдан 20-ға жуық адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы