386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Варшавадағы әуежайдың аумағына улы зат төгілді

  • 451
  • UPD: 16:29, 08.07.2018
Варшавадағы әуежайдың аумағына улы зат төгілді

Польша астанасының Шопен атындағы әуежайында улы зат төгілді.

Токсині бар сұйықтық басты жүк тиеу терминалының аумағына жайылған. Бұл туралы жергілікті RMF FM хабарлайды.

Оқыс оқиғаға байланысты 11 адам эвакуацияланды. Олардың төртеуін дәрігерлер қарап жатыр. Бұл адамдар басы ауырып, жүрегі айнып отырғанын айтады.

Ал арнайы мамандар улы затты тексеруге кірісті.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы