382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда Brexit жөнінен жаңа министр тағайындалды

  • 352
  • UPD: 19:22, 09.07.2018

Ұлыбританияның Брекзит бойынша министрі қызметіне Доминик Рааб тағайындалды.

Ол осы лауазымға дейін аймақтар мен жергілікті басқару министрінің орынбасары қызметін атқарған. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары британиялық премьер-министр Тереза Мэй кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады. Еске сала кетейік, Ұлыбританияның Брекзит бойынша экс министрі Дэвид Дэвис отставкаға кеткені жөнінде кеше хабарланды. Оның айтуынша, бұл шешімді қабылдауға премьер-министр Тереза Мэймен бірқатар мәселе жөніндегі келіспеушіліктер себеп болған. Сонымен қатар парламент мүшелері Стив Бейкер мен Суэлла Браверман да қызметінен кетті.

Айта кетейік, бұған дейін британиялық премьер-министр Тереза Мэй келесі аптада өтетін Брюссельмен келіссөзде Лондонның ұстанымы бойынша ресми құжатты жариялайтынын айтқан еді. Ресми Лондон Ұлыбритания мен Еуроодақ арасында ашық сауда-саттық аймағын құруды ұсынады. Ел патшайымы Елизавета II парламент қабылдаған Еуропа Одағынан шығу туралы заң жобасына келісімін берген болатын. Бұл заң 2019 жылдың 29 наурызында күшіне енеді.

Хабар 24 телеарнасы