384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде өткен ән байқауының жеңімпаздары Түркияда өнер көрсетті

  • 653
  • UPD: 23:37, 09.07.2018

«Мен де жұлдыз боламын» ән байқауының жеңімпаздары Түркияға арнайы концерттік бағдарламамен барып, ыстамбұлдықтар алдында өнер көрсетті.

Айтулы кеште қазақ эстрадасы мен дәстүрлі халық әндері және классикалық жанрдың танымал шығармалары орындалды. Әсіресе көрермен қауым, ұлттық аспаптың бірнеше түрін шебер меңгерген дарынды жастардың өнеріне сүйсініп, аяқтан тік тұрып қошемет білдірді. Енді жас өнерпаздар Ыстамбұлдан кейін, Түркиядағы қазақтардың ауылы Алтайға барып, қандастарымыз үшін арнайы концерт береді.

Лариса Мақсатқызы, ән байқауының авторы:

- Бұл жобаның Қазақстанда концерті болып, біз балаларға Түркияға жолдама берген болатынбыз. «Мен де жұлдыз боламын» жобасының жеңімпаздары бүгін Түркиядағы қандастарымыздың арнайы шақыртуымен осы елге келіп, алғашқы концертімізді қойып жатырмыз.

Райыс Рамазан, әнші:

- Түркия еліне «Мен де жұлдыз боламын» атты шоу концертінен гран-при жүлдесін иеленіп, жолдама алдым. Ертеңгі Алтын кую қалашығында болатын концертте «Елім менің» атты әнімді айтамын.

Хабар 24 телеарнасы