386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Никарагуадағы ереуіл кезінде адамдар қаза тапты

  • 316
  • UPD: 23:56, 09.07.2018
Никарагуадағы ереуіл кезінде адамдар қаза тапты

Никарагуадағы ереуіл кезінде тағы 14 адам қаза тапты.

30-дан астамы түрлі деңгейде жарақат алған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Дерек бойынша, марқұмдардың қатарында 3 полицей бар.

Еске сала кетейік, халықтың ашынуына үкіметтің әлеуметтік сақтандыруға байланысты қабылдаған жаңа реформасы түрткі болды. Кейін наразылық акциясы нәтижесінде бұл заңнаманың күші жойылғаны мәлімделді. Алайда ереуілшілер сонда да риза емес. Соңғы дерек бойынша көтерілістер салдарынан кемінде 300-ден астам адам көз жұмған. Жүздеген тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы