389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде әскери қыздардың телефондары тексеріліп жатыр

  • 541
  • UPD: 15:35, 10.07.2018

Израиль әскерінің электронды барлауы «Жаралы жүрек» операциясын жүргізді.

Нәтижесінде әлеуметтік желіде 40-қа жуық жалған аккаунт анықталған. Олар фейк жігіттердің атынан әскери қыздармен таныспақ болған. Ол үшін лаңкес хакерлер ойлап тапқан бағдарламаны жүктеуді ұсынып келген. Ол жүйе арқылы жүктеген адамның ұялы телефонын толығымен бақылауға алуға болады. Бүгінде ол бағдарлама Google-дан өшірілді. Ал әскерилер қауіпсіздікке қаншалықты зақым келгендігін анықтап жатыр. Бүгінде әскери қызметкерлер арасында виртуалдық танысудың қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шири, әскери қызметкер:

- Қазір барлығымыздың смартфондарымызды тексеріп жатыр. Онда жүктелген түрлі бағдарламаларды анықтауда. Телефон арқылы бізді аңдып, тіпті қандай ақпарат алуға болатындығын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ал біз оқуда немесе тапсырма орындауға кеткенде телефонды қолдануға мүлдем тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы