389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль Сирияға әуеден соққы берді

  • 338
  • UPD: 14:09, 12.07.2018

Израиль әуе күштері Эль-Кунейтра қаласының маңайында орналасқан Сирия әскерінің үш нысанына бірнеше ракеталық соққы жасады.

Сирияның әуе қорғанысы бұлардың кейбіріне төтеп берді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары осы оқиғаға қатысты зардап шеккендердің жоқ екенін және тек материалдық шығын ғана болғаны туралы хабарлады.  Израильдіктер бұл әрекетін Сирия ұшағының әуе кеңістігіне басып кіруіне жауап деп түсіндірді. Израиль әскері оқиға соққыға дейін бірнеше сағат бұрын басталғанын алға тартты. Соңғы мәліметтерге сәйкес, дрон құлатылды.

Хабар 24 телеарнасы