389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда су тасқыны құрбандарының саны 200-ге жетті

  • 900
  • UPD: 17:13, 12.07.2018
Жапонияда су тасқыны құрбандарының саны 200-ге жетті

Тағы 60-қа жуық тұрғын іс-түзсіз жоғалғандардың қатарында.

Апат аймағында 73 мыңға жуық қауіпсіздік қызметкері, полиция мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек, құтқару жұмыстарына 80-ге тарта тікұшақ тартылған. Ертең зардап шеккен ауданға елдің премьер-министрі Синдзо Абэ қайта барады. Ол табиғи апатқа байланысты 11-18 шілде аралығына Еуропа мен Таяу Шығысқа жоспарлаған сапарын тоқтатты.

Айта кетейік, Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық аудандарына өткен аптадан бастап жауын толастамай тұр. Нәтижесінде елдің бірнеше қаласы су астында қалды. Әсіресе Хиросима, Гифу, Эхимэ, Киото және Окаяма шаһарлары қатты зардап шекті. Билік өкілдерінің есебі бойынша 200 мыңнан аса тұрғын сусыз, жарықсыз қалған.

Хабар 24 телеарнасы