387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Италияда зейнет жасы 100 жасқа дейін ұлғаюы мүмкін

  • 494
  • UPD: 19:47, 12.07.2018
Сарапшылар: Италияда зейнет жасы 100 жасқа дейін ұлғаюы мүмкін

Италияның келешегі босқындардың қолында.

Жұмыс істеуге шамасы бар иммигранттар ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Бұл – Италия орталық банкінің пайымы. Қаржы институты жүргізген зерттеулерге сенсек, шетелден қоныс аударып келгендер болмаса, елдің жалпы ішкі өнімі екі есе азайып, зейнет жасы 100 жасқа дейін ұлғаюы мүмкін. Осындай болжам жасаған сарапшылар 2060 жылға қарай жастардың үлесі еңбекке қабілетті азаматтардың төрттен бір бөлігін құрайтынын айтады. Сондықтан еуропалық мемлекеттің босқындарға тәуелділігі артады. Бүгінде ел аумағында заңды тұрып жатқан иммигранттардың саны – 5 миллион.

Коррадо Бонифаци, Италия демография және әлеуметтік саясат зерттеулер институтының директоры:

- Елдегі иммигранттар – Италия қоғамының қажеттілігін қамтамасыз ете алатын азаматтар санаты. Біз олардың мүмкіншілігін тиісті деңгейде бағаламай, босқындарға гуманитарлық көмек көрсетіп жүрміз. Қайта бұл азаматтардың көмегіне италиялықтардың өздері зәру. Фарбикада жұмыс істейтіндер де, үйде баламен отыратындар да осылар.

Хабар 24 телеарнасы