384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда Facebook парақшасын мұраға қалдыруға болады

  • 796
  • UPD: 11:48, 13.07.2018

Германияда «Фейсбук» аккаунтын мұра етіп қалдыруға болады.

Ел соты осындай шешім шығарды. Бұған себеп болған бірнеше жыл бұрын пойыз астына түскен қыз төңірегіндегі дау-дамай түрткі болған. Марқұмның ата-анасы Фейсбуктен қызының парақшасындағы ақпаратты, дәлірек айтқанда ондағы хаттарды көрсетуді талап еткен. Бірақ компания өкілдері мұндай мәліметті беруден бас тартып келген. Дегенмен, жоғарғы сот американдық компанияны қыздың әке-шешесіне мәліметті ашуға міндеттеді. Қазір «Фейсбук» ережесіне сәйкес, қайтыс болған адамның парақшасын мұрагер қолдана алады. Бірақ әлемуеттік желіні қолданушының өзі көзі тірісінде бұл адамды белгілеуі керек.

Хабар 24 телеарнасы