387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дераа қаласы Сирия билігінің қарамағына көшті

  • 572
  • UPD: 10:45, 13.07.2018
Дераа қаласы Сирия билігінің қарамағына көшті

Сирия үкіметі әскері елдің оңтүстігіндегі Дераа қаласына кіріп, оның орталығына елдің туын тікті.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, оппозициялық күштер алдын ала уағдаластыққа сәйкес кеше шаһарды тастап кеткен. Себебі билік қаруын тастап берілгендерге рақымшылық жасайтын болып келіскен. Ал мұндай шарттан бас тартқандарға солтүстіктегі Идлиб аймағына көшуіне мүмкіндік беретін болып уағдаласқан. Ал үкімет жасақтары Дераа қаласын шабуылдауды 19 маусымнан  бастап, оның маңындағы көптеген елді мекенді өзінің бақылауына алған. Алайда әскери қимылдардың салдарынан 230 мыңнан астам тұрғын босқынға айналды. Олар негізінен көрші Кунейтра провинциясы мен Иорданиямен шекара маңындағы өңірлерге бас сауғалады.

Айта кетейік, 2011 жылы Сирия президенті Башар Асадқа қарсы көтеріліс дәл осы қаладан басталған болатын. Толқулар билік мектеп қабырғасына үкіметке қарсы үндеулер жазған бірнеше жасөспірімді ұстап, азаптаған соң өрбіді.

Хабар 24 телеарнасы