384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп: Британияның Еуроодақпен оңай «ажырасуының» соңы жақсыға апармайды

  • 320
  • UPD: 14:22, 13.07.2018

Егер Ұлыбритания Еуроодақтан Тереза Мэйдің жоспары бойынша шығатын болса, АҚШ бұл елмен сауда келісімін жасай алмайды.

Мұндай мәлімдемені президент Дональд Трамп осы мемлекеттке сапары кезінде жергілікті The Sun газетіне берген сұхбатында жасады. Өйткені Лондонның Брюссельмен тығыз байланыс орнатуға талпынысынан АҚШ бұл елден гөрі осы ұйыммен байланыс орнатуға мәжбүр болады. Трамп сондай-ақ Тереза Мэйдің осы мәселені түсіндіріп, Одақпен қандай келісім жасау керектігі туралы кеңесіне құлақ аспағанын айтқан. Ал сұхбат туралы Мэй Ақ үй басшысына берілген ас кезінде барып біледі. Бірақ Даунинг-Стрит оған қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Еске сала кетейік, өткен аптада Британия үкіметі Еуроодақпен келешек қарым-қатынас туралы ортақ жоспарын қабылдады. Алайда Brexit бойынша басты мәмілегер Дэвид Дэвис пен cыртқы істер министрі Борис Джонсон Ұлыбритания бұл арқылы Одаққа көп жеңілдік жасап отыр деп қызметтерінен кетті. Ал жоспарға сәйкес, Ұлыбритания Одақпен өнеркәсіптік және ауылшаруашылық тауарлары үшін ортақ тәртібі бар еркін сауда аймағын құратын болып шешкен.

Хабар 24 телеарнасы