386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда су тасқыны құрбандарының саны 200-ден асты

  • 865
  • UPD: 18:44, 13.07.2018
Жапонияда су тасқыны құрбандарының саны 200-ден асты Корреспондент.net

Жапониядағы су тасқыны мен сел құрбандарының саны 204-ке жетті.

Тағы 60-тан астам тұрғын жоғалғандардың қатарында. Апат аймағында 73 мыңға жуық қауіпсіздік қызметкері, полиция мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек, құтқару жұмыстарына 80-ге тарта тікұшақ тартылған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, апаттан кейін ауданда індет таралып, тұрғындар су тапшылығына ұшырауы мүмкін. «Сондай-ақ құтқару-іздестіру жұмыстары біразға созылады», – дейді мамандар.

Айта кетейік, Жапонияның оңтүстік-батыс және орталық аудандарына өткен аптадан бастап жауын толастамай тұр. Нәтижесінде елдің бірнеше қаласы су астында қалды. Әсіресе Хиросима, Гифу, Эхимэ, Киото және Окаяма шаһарлары қатты зардап шекті. Билік өкілдерінің есебі бойынша 200 мыңнан аса тұрғын сусыз, жарықсыз отыр.

Хабар 24 телеарнасы