367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда Трампқа қарсы наразылық шерулері өтуде

  • 160
  • UPD: 15:35, 14.07.2018

Ұлыбританияда президент Дональд Трамптың сапары жаппай наразылық шерулермен есте қалатын болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оған қатысушылардың саны 250 мыңнан асып кеткен. Адамдардың барлығы Ақ үй басшысына наразылығын үнпарақшаларадан бастап сайқымазақ бейнелермен жеткізіуге тырысуда. Шаһарда кішкене қыңыр Трампты кескіндеген алып шар орнатылды. Кей шерушілер Тереза Мэй үкіметінің отвставкаға кетуін талап етіп, елдің Еуроодақтан шығу процесін тоқтатуға шақырды. Сондықтан АҚШ президенті мұндай шерушілермен кездесіп, ыңғайсыз жағдайға тап болмас үшін шаһар ішімен тікұшақпен қозғалуда. Ал Ұлыбританияға бейсенбі күні жұмыс сапарымен келген Дональд Трамп ел премьері Тереза Мэймен кездесіп, екі мемлекеттің түрлі саладағы ынтымақтастығын талқылады. Кеше Ақ үй басшысын жұбайымен бірге Ұлыбритания патшайымы Елизавета екінші қабылдады. Кездесу Виндзор қамалында өтті. Айта кетейік, патшайым таққа отырғаннан бері АҚШ-тың осымен он екінші президентін өз сарайында қабылдап отыр екен.

Хабар 24 телеарнасы