388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапондық туристер Испанияға неліктен қызығады?

  • 452
  • UPD: 16:50, 15.07.2018
Жапондық туристер Испанияға неліктен қызығады?

Испанияның Севилья аймағында елдегі ең ауқымды күнбағыс алқаптары жайқалып тұр.

Биыл мұнда күннің жылынуы кештетіп, бұл өсімдіктің гүлдеуі де өзін күттіріп қойды. Артынша күнбағыстың гүлдеп салуы сол екен мұнда Жапониядан ат арылтқан туристердің қарасы көбейді.

Шеттері бүгусіз жайылған сары кілемді асықпай басқан жапондар күннің көзін сүйгіш өсімдікті аралайды.

Осы Севилья аймағындағы туристік басқарма Жапониядан туристердің мұнда ағылып келу себебін зерттеп көрді. Сөйтсе, күншығыс елінде Испания тарихында ізі қалған король Педро туралы анимациялық фильм көрсетіліп, испандардың Жапонияда танылуына сеп тигізген екен. Артынша Жапонияның туристік ақпарат орталықтары испан елінің күнбағыс алқаптары туралы мәлімет беруді бастаған. Ал жапондардың өздері болса, «жалпы табиғатты сүйгендіктен осында келгенді ұнатамыз» дейді екен.

espanarusa

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы