360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда 100-ден астам содырдың көзі жойылды

  • 228
Ауғанстанда 100-ден астам содырдың көзі жойылды interfax

Ауғанстан үкіметінің лаңкестікке қарсы жүргізген операциясы кезінде 160 содырдың көзі жойылды.

Олардың жетеуі «Талибан» радикалдық қозғалысының жорық командирлері болған. Бұл туралы республиканың ұлттық қауіпсіздік министрлігі хабарлады. Мекеменің ресми дерегіне сәйкес, елдің әр аймағында барлығы 11 шара жүргізілген. Бұл іске Ауғанстанның қауіпсіздік және әскери әуе күштері жұмылдырылған. Айта кету керек, Ауғанстан аумағында тәліптер ірі қалаларға шабуылын үдетіп, үкімет жасақтарымен қақтығыс күшейді. Сонымен қатар Ирак және Левант ұйымы өзінің ықпалын кеңейтуге тырысып бағуда. Осыған байланысты оларға қарсы операциялар жүзеге асып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы