386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Римдік археологтар ғылымға белгісіз жәдігерлерді тапты

  • 553
  • UPD: 11:01, 15.07.2018

Рим археологтары Тибр өзенінің жағасынан қазіргі ғылымға белгісіз жәдігерлерді тапты.

Құм басқан ғимарат ерекше нақыштармен өрнектелген әрі суреттерге бай. Бірақ құрылыстың қандай мақсатта салынғаны белгісіз. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл христиандық мінажат орны болуы мүмкін. «Оның ішінде табылған бірнеше қабір осыны айғақтайды», – дейді мамандар. Дегенмен ғалымдар нақты шешім шығару үшін әлі табылған заттарды зерттеп, мұрағаттық материалдарды сараптау керектігін айтады. Ал Рим археологиялық мұрасын қорғау жөніндегі комитет өкілдерінің пайымдауынша, бұл ежелгі маңызды ғибадатханалардың бірі болуы ықтимал.

Марина Пираномонте, Рим археологиялық мұрасын қорғау комитетінің өкілі:

– Біз қазған орындардың бетін уақытша керамзитпен сеуіп, арнайы тақтамен жауып тастағалы отырмыз. Қазір ондағы мәрмәр еден жақсы сақталуы үшін жаңғырту жұмыстарын жүргіздік. Бұл нысанды зерттеуге демеуші табылғанша, жабық болады.

Хабар 24 телеарнасы