367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гаити үкімет басшысы отставкаға кетті

  • 169
Гаити үкімет басшысы отставкаға кетті yandex.ru

Гаити үкіметінің басшысы Жак Ги Лафонтан отставкаға кетті.

Бұған елдегі жаппай ереуілдер түрткі болған. Ал халықтың бас көтеруіне үкіметтің жанар-жағармай бағасын көтеру туралы шешімі түрткі болды. Айта кетейік, наразылық акциялары ел астанасы мен бірнеше қалада болды. Ереуілшілер жолдарды жауып, көліктерді өртеп, бүлік шығарған. Қақтығыс кезінде 3 адам қаза тапқан. Тек осы жағдайдан кейін ғана үкімет жанармай құнын өсіруді кейінге қалдырды. Бұған қарамастан, оппозиция өкілдері мен ірі компаниялар премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп келген.

Хабар 24 телеарнасы