386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда толассыз жауын салдарынан 20 адам із-түзсіз жоғалды

  • 420
  • UPD: 10:12, 17.07.2018
Нигерияда толассыз жауын салдарынан 20 адам із-түзсіз жоғалды Корреспондент.net

Нигерияның солтүстігінде орналасқан Кацина штатында толассыз жауын жауып, соңы су тасқынына ұласты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, 40-тан аса адам түрлі деңгейде жарақат алып, 20 тұрғын із-түзсіз жоғалды, деп хабарланды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өзендер арнасынан шығып, кей жерлерде су деңгейі 3 метрге дейін жеткен. 500-ден аса нысан күйреп, мыңдаған кісі үй-жайсыз қалды. Олардың барлығы мектеп ғимараттарына уақытша көшірілді. Зардап шеккендерге көмек ретінде төтенше жағдайлар бойыша жедел жәрдем көрсету орталығы 13 жүк көлігімен заттар жіберді.

Хабар 24 телеарнасы