384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия-Австрия шекарасында құжат тексеру қайта енгізілді

  • 352
  • UPD: 10:28, 19.07.2018
Германия-Австрия шекарасында құжат тексеру қайта енгізілді

Германиядағы Бавария өңірінің полициясы Австриямен шекарада құжаттар мен көліктерді тексеруді қайта бастады.

Шара елге ағылған заңсыз мигранттарға тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр. Аймақ басшылығы оны Берлиндегі орталық билікпен келісіп қабылдағанын жеткізді. Алайда сарапшылар мұндай шара Еуроодақ шеңберіндегі еркін жүріп-тұры жөніндегі Шенген келісіміне нұқсан келтіреді деп сынға алып жатыр.

Маркус Зёдер, Бавария премьер-министрі:

- Елдің басқа федералдық жерлері біздің қолға алған шараны жүзеге асыра ма жоқ па оны өздері шешеді. Оларға кеңес беру менің міндетім емес. Бірақ заңсыз миграция мәселесі шекара маңындағы барлық аудандарда БАР. Сондықтан бұл дер кезінде қолға алынған шара. Оның мақсаты қылмыскерлер мен мигранттарды заңсыз тасымалдаушылардың жолын кесу.

Хабар 24 телеарнасы