389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кипр жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

  • 457
  • UPD: 10:58, 19.07.2018
Кипр жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

Кипрдің солтүстік жағалауындағы Жерорта теңізінде мигранттар тиелген кеме апатқа ұшырады.

Кесірінен19 адам қаза тапты. Тағы 30 босқын суға кетіп, табылмай жатыр. Оқиға орынына жеткен Түркия мен Кипр жағалау күзеті кемелері теңізден 100-ден астам адамды құтқарып алды. Олар тікұшақпен Түркияға жеткізілген.

Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, кемеде Еуропаға өтпек болған сириялық босқындар отырған. Мамандардың айтуынша, Кипр жағалауында мұндай оқиға сирек кездеседі. Себебі, мигранттар Еуропаға Түркия не Грекия арқылы жетуге тырысады. Ал ресми дерекке сүйенсек, биыл қаңтар-мамыр аралығында Түркиядан кәрі құрлыққа теңіз арқылы жетпек болған 26 мигрант көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы