384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда белгісіз біреу көлікпен жаяу жүргіншілерді қақты

  • 271
  • UPD: 19:18, 19.07.2018
Испанияда белгісіз біреу көлікпен жаяу жүргіншілерді қақты РИА Новости

Испанияда әлдекім көлікпен жаяу жүргіншілерді қағып, салдарынан 5 әйел адам жарақат алды.

Олардың жасы 65 пен 80 жас аралығында. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы жергілікті жедел қызмет өкілдері Twitter парақшасында жариялады. Оқиға Андалусия автономды қоғамдастығы құрамындағы Хаэн провинциясында болған. Көлік тізгініндегі қаскөй ізін суытып үлгергенімен, құқық қорғаушылар оның жеке тұлғасын анықтап үлгерді. Оны қастандық жасауға не итермелегені белгісіз. Мамандар іздестіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы