367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАҚ: Германияда автобус жолаушыларына жасалған қастандық лаңкестік әрекет емес

  • 122
  • UPD: 15:54, 21.07.2018

Германияның Любек қаласында жолаушыларға пышақпен жасалған шабуыл лаңкестік емес.

Бұл туралы жергілікті полиция өкілдері хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға кеше болды. Ер адам автобуста келе жатқан жолаушыларға қастандық жасады. Салдарынан 10 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Олардың үшеуі ауыр халде. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше қаскөй дорбасынан пышақ шығарып, көлікте отырғандарға қарай ұмтылған. Полицейлер қаскөйді дереу қолға түсірген. Оның тегі ирандық, Германия азаматы екені анықталды. Алайда мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бірақ оның туысқандарының айтуынша, ер адамның психикалық ауытқушылықтары бар. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Улла Хингст , Любек қаласының прокуроры:

– Әзірге шабуылдан зардап шеккендердің нақты санын айта алмаймын. Ауыр жарақат алғандар бар. Қастандық жасаған ер адам қазір қамауда. Осы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы