367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ХВҚ: Сауда соғысының әлемдік экономикаға әсері

  • 122
  • UPD: 07:54, 22.07.2018
ХВҚ: Сауда соғысының әлемдік экономикаға әсері

АҚШ пен Қытай және Еуропа арасындағы экономикалық шектеулер дүние жүзінің жалпы ішкі өнім көрсеткішін айтарлықтай төмендетеді.

Бұл туралы Халықаралық валюта қоры басшысы Кристин Лагард «Үлкен жиырмалық» елдерінің кездесуіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Кристин Лагард, Халықаралық валюта қоры басшысы:

- Бұл халықаралық ішкі өнім көрсеткішіне кері әсерін тигізері сөзсіз. Қазір жасалып жатқан өзгерістерді есептемегеннің өзінде әлемдік жалпы ішкі өнім 1,5 пайызға төмендейді. Алдағы «Үлкен жиырмалықтың» кезекті жиынында сауда шектеулігін күшейту тақырыбы талқыланатын болады.

«Үлкен жиырмалық» кездесуі Буэнос-Айрос қаласында өтуде. Оған 23 елдің қаржы министрі мен орынбасарлары және 14 Орталық банк басшысы келді. Жиында жаһандық экономика мәселесі талқылануда.

Хабар 24 телеарнасы