366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та ұшатын электромобиль соңғы сынақтан өтті

  • 204
  • UPD: 09:13, 22.07.2018
АҚШ-та ұшатын электромобиль соңғы сынақтан өтті

Техниканың бұл түрін жасап шығаруға 9 жыл уақыт кеткен.

Оның ішінде бір жолаушыға арналған ыңғайлы орындық бар. Ал құрылғылар жүйесі болса түсінуге өте жеңіл. Сондықтан «бұл элетрокөлікті тізгіндейтін ұшқышқа арнайы лицензияның керегі жоқ», – дейді мамандар. Машина вертикалды бағытта әуеге көтеріліп, сағатына 115 шақырым жылдамдықпен 64 шақырымды еңсеруге қауқарлы. Құрылғы қыратты жерлерде жүруге арналған. Алайда бұл тек бастамасы дегенді алға тартады құлтемірдің негізін қалаушылар. Алдағы уақытта оны үлкен қалаларда тасымалдау жүйесі ретінде енгізу жоспарда бар.

Хабар 24 телеарнасы