367.63 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Торонтода атыс болып, бір адам көз жұмды

  • 92
  • UPD: 12:07, 23.07.2018
Торонтода атыс болып, бір адам көз жұмды flickr.com

Торонтоның тұрғын аудандарының бірінде атыс болды, деп хабарлады Рейтер агенттігі.

Салдарынан 9 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Олардың арасында 9 жасар бала бар. Бір әйел адам көз жұмған. Тағы 13 адам зардап шеккен. От жаудырған қаскөй де мерт болды. Бұқаралық ақпарат құралдары ол өзіне қол жұмсағандығын мәлімдеді. Куәгерлер тоқтамай атылған оқтың дыбысын естігендері туралы айтты. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл атыс қандай мақсатпен жасалғаны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы