388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэладағы инфляция деңгейі 1 млн пайызға жетеді

  • 504
  • UPD: 13:58, 24.07.2018
Венесуэладағы инфляция деңгейі 1 млн пайызға жетеді

Жыл соңына дейін Венесуэладағы инфляция деңгейі 1 миллион пайызды құрайды. Халықаралық валюта қоры осындай болжам жасады.

Сарапшылар Оңтүстік Америка елінің қазіргі жағдайы 1923 жылы Германиядағы дағдарыс пен 2000 жылдардағы Африканың Зимбабве Республикасының экономикалық тоқырауына ұқсас екенін алға тартты. Мамандар Венесуэланың жалпы ішкі өнімі 2019 жылы 18 пайызға төмендеп, экономикалық өсімнің 5 пайызға шегерілетінін есептеп шығарды. Ресми дерек бойынша соңғы 2 жыл ішінде 1 жарым миллионнан аса адам елден көшіп кеткен.

Айта кету керек, егер бір ай ішінде валюта бағамының құнсыздануы 50 пайыздан асса, ол «шекті инфляцияның» шеті көрініп, жағдай ушыға түседі. Ал Венесуэлада мұндай өзгеріс 2017 жылдың соңында болған. Жағдайды реттеу үшін осы жылдың басында арнайы Петро деген криптовалюта қолданысқа енген болатын.

Хабар 24 телеарнасы