387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мэй Brexit бойынша келіссөзді бір өзі жүргізетін болды

  • 359
  • UPD: 10:52, 25.07.2018

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Brexit бойынша келіссөздерді жеке өзі жүргізетінін айтты.

Ал Брексит жөніндегі министрлік басшысы оның орынбасарының қызметін атқарады. Соңғы уақытта Ұлыбританияда Еуроодақтан шығу шарттарына қатысты дау-дамай басылар емес. Премьер-министр Тереза Мэймен келісе алмағаны үшін Брексит бойынша экс-министр Дэвид Дэвис пен сыртқы істер министрі Борис Джонсон қызметтен кеткен болатын. Осыдан кейін Ұлыбритания үкіметі Брекзитке қатысты стратегияны жариялады. Құжатта мемлекеттің Еуропалық Одақтан шығуы екі тарапқа да ұтымды жүргізілетіні жазылған.

Хабар 24 телеарнасы