386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия парламенті терроризмге қарсы күрес туралы заңды қабылдады

  • 523
  • UPD: 19:50, 26.07.2018

Түрік парламенті 2 жылға созылған төтенше жағдай режимі аяқтала салысымен террорға қарсы күрес туралы заң жобасын қабылдады.

Құжат өткен аптада атқарушы биліктің, Әділет және даму партиясының бастамасымен мәжілістің күн тәртібіне шығарылған. Бұл жобаға отырысқа қатысқан 380 депутаттың 284-і қолдап, 95-і қарсы дауыс берді. Жаңа заң жергілікті жерлерде губернаторлар мен қауіпсіздік күштерінің құзыретін айтарлықтай кеңейтеді. Сондай-ақ үкіметке қандай да бір террорлық ұйымдармен байланысы бар қарулы күштер, полиция мен жандармерия және мемлекеттік қызметтегі адамдарды жұмыстан босатуға мүмкіндік береді. 

Бинали Йылдырым, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы:

- Төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда ФЕТО және өзге де террорлық ұйымдармен табанды күрес жүргізу үшін заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Бұл өзгерістерге қажеттілік өте зор. 

Махмут Танал, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты:

- Төтенше жағдай режимі аяқталған жоқ. Оның атауын ғана өзгертіп халықты алдап, одан да қатаң өзгерістерге жол ашылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы